«Қазақстанда және Орталық Азия елдерінде контрафактілік және жосықсыз бәсекелестікпен күрес мәселелері» атты дөңгелек үстелдің қорытындылары

27-09-2024

2024 жылдың 24 қыркүйегінде Алматыда «Болотов және Серіктестер» және INTA халықаралық тауар таңбалары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстандағы және Орталық Азия елдеріндегі контрафактілік және жосықсыз бәсекелестікке қарсы күрес бойынша Қазақстандағы ең ірі іс-шара өтті.

Дөңгелек үстел өнеркәсіп өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы күрес, нарықты контрафактілік және жалған ақша жасаудан қорғау, сондай-ақ зияткерлік меншікті коммерцияландырушы құқық иелерінің құқықтарын қорғау мәселелерін талқылауға арналды.

«Біз контрафактілік мәселелеріне назар аударып, оның азық-түлік және азық-түлік емес салалардағы теріс әсерін көрсеткіміз келеді, қатысушыларды мемлекеттік органдардың жұмысымен таныстырғымыз келеді, сондай-ақ олардың өкілдерімен тікелей байланыста болып, оларға сұрақтар қойғымыз келеді», — деп осы іс-шараны ұйымдастырушылар негізгі мақсатын атап өтті.

Фирманың серіктесі Жанат Нұрмағамбетов былай деп түсіндірді: «Болотов және серіктестер» компаниясы 30 жылдан астам уақыт бойы зияткерлік меншік құқықтарын қорғаумен айналысады және өз қызметінде контрафактілік өнімдермен үнемі кездесіп отырады. Біз кәсіпкерлер, сондай-ақ бизнес пен үкімет арасындағы шынайы диалогты жақтаймыз. Бұл заңның сақталуына ғана емес, сонымен бірге мемлекет контрафактілікпен күресу үшін ұсынатын құралдарды дұрыс пайдалануға да қатысты».

Мұндай іс-шараны өткізу маркетплейстағы контрафактілік өнімдерді сатуға кім жауапты, онымен қалай күресуге болады, кімнің құзіретіне заңнаманы реттеу жатады және бұл мәселе мемлекет тарапынан және контрафактілік тауар жасағандар қандай жауапкершілікке тартылады деген өзекті мәселелерге арналған маркетплейс өкілдері мен бизнес өкілдері арасында ашық диалог жүргізуге мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылы іс-шараға 15-тен астам елдің мамандары мен сарапшылары жиналды, олар өз елдеріндегі контрафактілікке қарсы іс-қимыл тәжірибесімен бөлісті, Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар жасады және контрафактілік өнімдермен күресу тәжірибесінен мысалдармен бөлісті.

Іс-шарада экономиканың түрлі салаларының өкілдері болып табылатын саналы кәсіпкерлер сөз сөйлеп, контрафактілік өнімдердің, оның ішінде ел маркетплейстарында көбейіп жатқанына алаңдаушылық білдірді. Олардың пікірінше, бұл мемлекетке зиян келтіреді — салықтар мен басқа да төлемдер төленбейді және жауапты өндірушілер тарапынан бизнесті жүргізуге жұмсалатын шығындардың айтарлықтай жоғарылауына байланысты жосықсыз бәсекелестік жағдайы туындайды. Тұтынушылар сонымен қатар заңсыз өнімдерді пайдаланудың теріс әсерін бастан кешіреді, тіпті денсаулық пен өмірге қауіп төндіруі мүмкін.

Дөңгелек үстелге қатысушылар түрлі институттар мен нарық субъектілері арасында тікелей байланыс орнату қажет деген ортақ пікірге келді. Саналы өндірушілер нарық мониторингі және жосықсыз бәсекелестікті анықтау кезінде анықтаған заңсыз әрекеттер туралы ақпаратты хабарлау тұрғысынан мемлекеттік органдармен белсенді өзара әрекеттесуі қажет.

Оқиға туралы толығырақ ақпаратты мына жерден табуға болады:

Орыс тілінде: https://www.youtube.com/live/JUdxlniNwKg

Ағылшынша: https://www.youtube.com/live/5PSXro4DmfU