04-06-2024
«Болотов және Серіктестер» компаниясының өкілдері Алматы қалалық Әділет департаментінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, контрафактілік тауар белгісімен заңсыз саудаға шығармақ болған «Алмаком» кондиционерлерінің ірі көлемін тәркіледі.
Осылайша, Әділет департаментінің қызметкерлері мен біздің кәсіпорын өкілдерінің жедел әрекет етуінің нәтижесінде 5 253 000 теңгенің контрафактілік өнімі тәркіленді. Аталған факті бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 158-бабы бойынша хаттама толтырылды.
Заңсыз сауданың жолын кесу операциясы 15 сағатқа созылып, тауар таңбасының иесінің шағымы негізінде басталған.
Айта кетейік, арнайы операция барысында Әділет департаментінің қызметкерлері тексеріліп жатқан субъектінің қарсылығына тап болған. Қарсылық көрсеткен үш тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы бойынша хаттама толтырылды.
Қазіргі уақытта іс материалдары сотқа жіберілді.
Дереккөздер:
https://inbusiness.kz/ru/last/letnij-azhiotazh-poddelnye-kondicionery-na-5-mln-tenge-izyali-v-almaty