21-08-2023
Құрметті ханымдар мен мырзалар,
Сіздерді Қазақстандағы контрафактілікпен күрес мәселелеріне арналған «IP Dialogue Kazakhstan» іс-шарасына қатысуға шақырамыз. Дөнгелек үстел 2023 жылдың 26 қыркүйегінде Алматы қ., Лофт 26 бизнес орталығында өтеді (Марков көшесі, 26).
Бұл іс-шара INTA қолдауымен «Болотов және Cеріктестер» компаниясымен ашық пікірталас (дөңгелек үстел) форматында өткізілуде. INTA – құқық иелері мен сауда белгісі мамандарының жаһандық бірлестігі. Тауар белгілеріне және басқа зияткерлік меншікке қатысты жобаларға құқықтық қолдау көрсету үшін, тұтынушыларды қорғау және әділ және тиімді коммерциялық қызметті ынталандыру мақсатында құрылған және бизнес аудиториясына бағытталған.
«IP Dialogue Kazakhstan» басты мақсаты – өнеркәсіп өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы күрес, нарықты контрафактілік және жалған ақша жасаудан қорғау, сондай-ақ зияткерлік меншікті коммерцияландырушы құқық иелерінің құқықтарын қорғау мәселелерін талқылау.
Аталған іс-шара Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі ірі құқық иеленушілерінің басшылылары мен корпоративтік заңгерлеріне, зияткерлік меншік мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдардың өкілдеріне, патенттік өкілдер мен тәжірибелі заңгерлерге арналған.
«IP Dialogue» дөңгелек үстелінде спикерлер арасында келесілердің өкілдері күтілуде:
§ INTA;
§ «Болотов және Серіктестер» ЖШС;
§ Патенттік сенім білдірілген өкілдердің одағы;
§ мемлекеттік органдар (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Әділет академиясы);
§ құқық иелері (Lego, Procter & Gamble, Toyota және т.б.).
Дөңгелек үстел форматы: гибридті (бетпе-бет + онлайн)
Ұзақтығы: 1 күн 9.00-ден 17.00-ге дейін үзіліспен 2 кофе-брейк және түскі ас
Қатысушылардың болжамды саны: 500+ қатысушы (онлайн – 500 қатысушыға дейін, бетпе-бет – 50 адамға дейін)
Мақсатты аудитория: Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және басқа елдердің компанияларының топ-менеджменті, патенттік сенім білдірілген өкілдер, патенттік сарапшылар, консалтингтік компаниялардың өкілдері және ішкі заңгерлер, мемлекеттік органдардың өкілдері.
Жұмыс тілдері: орыс/ағылшын.
Дөңгелек үстелге қатысу тегін. Офлайн орындар саны шектеулі. 2023 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тіркелуіңізді сұраймыз.
Дөңгелек үстелге қатысу үшін бізге ақпаратты жіберуіңізді сұраймыз:
— кім ретінде қатысқыңыз келеді (спикер немесе тыңдаушы);
— қандай форматта қатысуды жоспарлайсыз (жеке/офлайн немесе онлайн).
Қатысатындығыңызды mail@BolotovIP.com мекенжайына хабарлама жіберу немесе +7 (701) 216 20 81 (WhatsApp) телефоны арқылы растай аласыз.
Сізді Дөңгелек үстеліміздің қатысушылары арасында көруге қуаныштымыз!