11-07-2023
«Болотов пен Серіктестер» компаниясының басқарушы серіктесі Юрий Болотов «Халықаралық нарыққа шығу кезінде тауар белгісін қалай қорғауға болады?» тақырыбында баяндама жасады және 3-5 шілдеде Алматы қаласындағы Атакент ХЭК 11 павильонында өткен Қазақстандағы Қытай тауарларының 18-ші көрмесіне қатысты.

Бұл көрменің мақсаты бизнесті дамытуды ынталандыру және Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту болды.
Баяндама аясында Юрий Альбертович тауар таңбасын шетелде тіркеудің нұсқаларымен бөлісті, зияткерлік меншікті реттейтін халықаралық конвенцияларға назар аударды, зияткерлің меншік объектілерінің мысалдары келтірілді, сондай-ақ халықаралық нарыққа шығу кезінде неге назар аудару керегін айтты.
Көрме аясында сауда-инвестициялық форум, B2B келіссөздері, контрагенттерді тексеру бойынша семинар-презентация, сондай-ақ Қытайға өнімді экспорттау бойынша мамандардың кеңестері өтті.