2022 жылдың 16 қарашасында әріптесіміз Ольга Васильевна Пастухова дүниеден өтті

21-11-2022

Ольга Васильевна біздің компанияда ұзақ жылдар жұмыс істеген және патенттік құқық саласындағы тамаша маман болған. Оның Қазақстан Республикасындағы патенттік бизнесті дамытуға қосқан үлесі баға жетпес.

Ольга Васильевна орасан зор білімге және өте кең дүниетанымға ие болды. Ол өте ақылды адам еді.

Ольга Васильевна өте мұқият және сезімтал адам болған. Әрдайым, жұмысының көптігіне қарамастан, ол әр қызметкермен сөйлесуге, мұқият тыңдауға, кеңес беруге уақыт тапқан.

2022 жылдың 16 қарашасында әріптесіміз Ольга Васильевна Пастухова дүниеден өтті

Соңғы кездерде Ольга Васильевна ұзақ уақыт бойы ауырып жүрді, бірақ соған қарамастан және зейнеткерлікке шыққанына қарамастан, жұмысқа келіп, қажеттінің бәрін жасауға күш тауып жүрген.

Біздің ұжым Ольга Васильевнаның отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Оны маман ретінде де, жақсы адам ретінде де сағынатын боламыз.