Тауарларды кедендік ресімдеу кезінде тауар таңбасының құқықтарын қорғау тақырыбында вебинар өткізілді

26-09-2022

2022 жылдың 20 қыркүйегінде «Болотов пен Серіктестер» фирманың заңгерлері «Тауарларды кедендік ресімдеу кезінде тауар таңбасының құқықтарын қалай қорғауға болады» тақырыбында тегін вебинар өткізді.

Вебинардың спикері зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы (тауар таңбасына құқықтарды қорғау үшін сотқа дейінгі, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және кедендік шараларды қолдану мәселелері, соның ішінде, контрафактілік өнімдерді қатар әкелу мәселелері) серіктес Жанат Нұрмағамбетов болды.

Вебинар барысында талқыланған негізгі тақырыптар: құқық бұзушылықтан қорғаудың тиімді әдісі ретінде зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды кедендік ресімдеу; тауарларды Қазақстан Республикасының кеден тізіліміне енгізудің қысқаша тәртібі, құрамында зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтата тұру процесі, сондай-ақ құқықтарды бұзғаны үшін жауапкершілік нақтыланған.

Вебинар кедендік ресімдеу және контрафактілікпен күрес саласындағы құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес алуға ниет білдірген қазақстандық кәсіпкерлерге, коммерциялық ұйымдарға, сондай-ақ заңды тұлғалардың кәсіби бірлестіктеріне арналған.

Егер сізде сұрақтар туындаса немесе тегін кеңес алғыңыз келсе, «Тауарларды кедендік ресімдеу кезінде тауар белгісі құқықтарын қалай қорғауға болады» тақырыбындағы вебинар белгісімен info@BolotovIP.com мекенжайына хабарласыңыз.