Алматылық бір топ адамдар танымал брендтердің атын жамылып, жалған автокөлік бөлшектерін сатқан

31-05-2022

Жедел іс-шаралар барысында қалада жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден астам «Тойота», «Лексус», «Хюндай», «Хонда» сауда белгісімен жалған автобөлшектер қоймасы жойылды.

Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен жоғарыда аталған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады.

Анықталғандай, контрафактілік қосалқы бөлшектер фирмалық қораптарға салынып, кейін Қазақстанның көлік базарларына таратылған. Жалпы, іс-шаралар қорытындысы бойынша 106 мыңға жуық жалған автокөлік бөлшектері тәркіленді.
Қазір іс сотта қаралуда. Қаржы мониторингі агенттігі тауар таңбаларының заңсыз пайдаланылуын анықтау және адал бизнесті қорғау бойынша жұмысты жалғастыруда.

Дереккөз: https://t.me/afm_rk/1130