17-02-2021
2021 жылғы 15-16 сәуірде «IP Central Asia Forum 2021» зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі Орталық Азия форумы алғаш рет онлайн форматта өтеді. Іс-шараға 250-ден астам патенттік сенімді өкілдер, in-house заңгерлері, зияткерлік меншік саласындағы заңгерлер мен мамандар және Қазақстанның, Ресейдің, Украинаның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның, Түркіменстанның және Әзірбайжанның мемлекеттік органдарының өкілдері қатысады.
Форум Орталық Азияда зияткерлік меншікті қорғау мен күзетуге, цифрландыруға байланысты туындайтын мәселелер мен мүмкіндіктерді талқылауға, зияткерлік меншікті дамытудың соңғы үрдістеріне арналады және саланың жетекші кәсіпқойлары арасында идеялар мен тәжірибе алмасуға арналған платформа болады. Тіркелу және қатысу бойынша мына сілтемеден көруге болады. Тіркелу кезінде 19 наурызға дейін жеңілдік беріледі.
Екі күн ішінде IPCA 2021-де Орталық Азия республикаларының және басқа елдердің жетекші қазақстандық және шетелдік сарапшылары сөз сөйлейді. Спикерлер қатарында ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры Баймолдина Зәуреш Хамитқызы, «Болотов и Партнеры» Басқарушы серіктесі Болотов Юрий Альбертович, Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Зияткерлік меншік және инновациялар мемлекеттік қызметінің төрағасы Молдошева Динара Автандиловна және Нестле Ресей / Еуразия Зияткерлік меншік бөлімінің басшысы Любовь Алимова бар. Спикерлердің толық тізімін форум сайтынан көруге болады.
Предложенные темы были, без сомнения, интересны аудитории. Обсуждались вопросы о том, как изменилась статистика проведения рейдов в период карантина и моратория, будут ли внесены изменения в Постановление Президента, который разрешат проверки по заявлениям о нарушениях, что можно предложить, чтобы антимонопольной орган работал эффективней в отношении защиты конкуренции и многие другие.
«Тауар белгілері, жалпыға белгілі тауар белгілері», «Патенттер» және «Авторлық құқық» секцияларындағы үш қатар өткізілетін сессия шеңберінде сарапшылар белгілі бір елдегі зияткерлік меншік объектілерін күзету және қорғау ерекшеліктеріне арналған барынша жеке мәселелерді, өнеркәсіптің түрлі салалары бойынша өңірдің ірі компанияларының нақты мысалдар негізінде кешенді шешімдерді талдауды талқылайды. Сонымен қатар,
іс-шараға қатысушыларды Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен пленарлық отырыстар, сондай-ақ нетворкинг күтеді. Сол сияқты стартаптар мен шағын және орта бизнес (ШОБ) үшін зияткерлік меншік бойынша тегін онлайн-консультациялар беріледі. Іс-шараның толық бағдарламасын мына сілтемеден көруге болады.
IPCA 2021 ұйымдастырушысы — Lincoln Company компаниясы – ірі онлайн және оффлайн түріндегі іскерлік іс-шараларды өткізетін ивент-агенттік. Іс-шараның бас серіктесі – «Болотов и Партнеры». Форумға дайындық шеңберінде және оны барынша тиімді өткізу үшін «Болотов и Партнеры» Қазақстанда тауар белгілерін, патенттерді және авторлық құқықты (АҚ) күзетудің және қорғаудың жалпы мәселелері бойынша консультациялар береді және заң, маркетинг, жарнама бөлімшелерінің қызметкерлері мен компаниялар басшылығына семинарлар, тренингтер және өзге де оқытулар өткізеді.